НАУРЫЗ-ЖЫЛ БАСЫ. РАМАЗАН-ОРАЗА АЙЫ.
ЖҰМА-ҚАСИЕТТІ КҮН!АЛЛАМ,
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ, АЙЛАРДЫҢ СҰЛТАНЫ РАМАЗАНДАҒЫ ҚАСИЕТТІ ЖҰМАДАҒЫ
ТІЛЕК, ДҰҒАЛАРЫМЫЗДЫ ҚАБЫЛ, МҰРАТТАРЫМЫЗДЫ АСЫЛ ЕТСІН!
ЕЛІМІЗ АМАН,ЖҰРТЫМЫЗ ТЫНЫШ,ҰРПАҒЫМЫЗ БАҚЫТТЫ,
ОТБАСЫМЫЗ БЕРЕКЕЛІ ЖЫЛ БОЛСЫН!


Су жылтырап бүрін ашқан жас талдан,
Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.
Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,
Бар тіршілік Наурыздан басталған!


Асар — қазақы ортада ауқымды да күрделі жұмыстарды ауылдас-руластарының - жетіаталық экзогамиялық ру-қауымның негізгі құрамдас бөлігі біраталардың бірлесе атқару харекетінің атауы. Мысалы, егіншілік дамыған өлкелерде арық, кәріз қазу, тазалау секілді суландыру жүйесіндегі жұмыстарды, сондай-ақ, үй тұрғызу, қора-қопсы салу сияқты құрылыс жұмыстарын асар жасау арқылы атқарған. Қазақ ауылында бір отбасының қолынан келмейтін күрделі, көлемді жұмыстарды атқару үшін бірнеше ауылдың адамдары асарға шақырылады. Асарға шақырылғандар еңбегі үшін төлемақы талап етпейді, асарға шақырушы адам оларға жақсы ас әзірлеп, дастарқан жаяды. Ұжымдасып жұмыс істеудің үлкен бір көрінісі деп қарауға болатын тағы бір үрдіс батыс қазақтары тілінде «үме» деп аталады.