«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«№24 «Аққу» бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

 

Мекеменің  құрылған жылы:

1988  жыл

Білім беру ұйымының орналасқан жері:

Қазақстан  Республикасы, индекс:  030014,  Ақтөбе облысы,  Ақтөбе  қаласы,  Алматы  ауданы,  КЕҢЕС НОКИН  тұрғын  үй  алабы, 25 үй

Топтар саны:

4 топ

Топтардағы бала саны:

95 бала 

Білім беретін тілі:

Қазақша

Заңды  тұлғаның байланыс  деректері (телефон, электронды  пошта, web-сайт):

Телефон: 87029127450

электрондық  пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.-Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.@Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

инстаграм парақшасы: akku_sad24

web - сайт: https://akku-akt.kz/kz/

Балабақша басшылығы:

меңгеруші - Жанжигитова Фарида Жолдыбаевна -  жоғары білімді  педагог, «Бірінші санатты басшы» 

 

Біздің миссия:
Әрбір баланың бойындағы шығармашылық тұлғаны танып, оның адамгершілік құндылықтарды басшылыққа ала отырып, тәуелсіз, белсенді, сыни тұрғыдан ойлайтын сауатты әлемді құруға және өзгертуге қабілетті болуына көмектесу.

 

Біздің мақсатымыз:
Мектепке дейінгі жастағы бала тұлғасының толыққанды дамуына ықпал ететін жайлы жағдай, қолжетімді, қауіпсіз білім беру ортасын құру, ата-аналармен ынтымақтастықты нығайту, педагогтердің кәсіби шеберлігі мен құзыреттілігін арттыру арқылы мектепке дейінгі ұйымның білім беру сапасын жақсарту.

 

Біздің міндеттеріміз:
Әрбір баланың жан-жақты дамуы мен әлеуетін ашуға қолайлы жағдайлар жасау;
Балалардың құқықтарын, өмірін қорғау, денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ету;
Салауатты өмір салтының негіздері, қауіпсіз өмір сүру дағдылары, қимыл - қозғалыс дағдыларын дамыту;
Әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу;
Рухани - адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу;
Отанға, тіліне, өз халқына, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу;
Адалдық, әділдік, мейірімділік, ар - ұят пен қамқорлық, қайырымдылық, парасаттылық және басқа да адамдық қасиеттерді дамыту;
Табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу;
Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту;
Әлеуметтік маңызы бар қызметке белсенді қатысуға тәрбиелеу;
Өз іс-әрекеттері мен сөздері үшін жауапкершілікті түсінуге тәрбиелеу;
Еңбексүйгіштік пен өзін - өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;
Біреудің еңбегі мен мүлкін құрметтеуге тәрбиелеу;
Тәрбиеленушінің жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау;
Тәрбиеленушілердің физикалық қасиеттерін, коммуникативтік дағдыларын, танымдық және зияткерлік дағдыларын, шығармашылық дағдылары мен зерттеу іс - әрекетін, әлеуметтік - эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру;
Тәрбиеленушілердің эмоционалдық жайлылығын, жан-жақты және толыққанды дамуын, балалардың белсенділік түрлерін және бірге әрекет етуге қатысушыларды таңдау мүмкіндігін, ойын аймақтарының қанықтылығын, қолжетімділігін, вариативтілігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дамытушы орта құру;
Баланың мектепте оқуға физикалық, психологиялық, эмоционалдық, әлеуметтік дайындығы үшін бастапқы мүмкіндіктер беру;
Білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал қалыптастыру;
Ата - аналар, тәрбиешілер және балалар арасындағы ынтымақтастыққа жағдай жасау;
Отбасын білім беру ұйымындағы тәрбие процесіне тарту.